Президент Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Азаматұлы Мағзұмов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, Ержан Сейітқұлов бұл қызметке 2024 жылғы 1 тамызда тағайындалған еді.