15:33, 09 Қаңтар 2026 | GMT +5
Президент Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Құрылыс кодексіне қол қойғанын жазған едік.
Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Цифрлық кодекске қол қойды.