17:17, 13 Қаңтар 2025 | GMT +5
Президент ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заңға қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM — Ақорда Президенттің ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заңға қол қойғанын мәлімдеді.

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — деп жазылған ресми ақпарат көзінде.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты заңға өзгеріс енгізілгенін жазған болатынбыз.