Президент Ақтөбе қаласындағы болат құбырларын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Кәсіпорын жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. Құны 3,5 миллиард теңге болатын нысан биыл шілде айында пайдалануға берілген, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев
Фото: Ақорда
President surveys Aktobe pipe plant
Photo credit: Ақорда

Зауыт құрылтайшысы Мирғали Бурбаевтың айтуынша, қазір өндіріс орнында құбырларды, металл әзірлемелерін дайындайтын қондырғылар іске қосылған.

President surveys Aktobe pipe plant
Photo credit: Ақорда
Ақтөбе құбыр зауыты
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті
Фото: Ақорда

Президентке зауытты дамытудың ұзақмерзімді жоспары баяндалды. Кәсіпорын алдағы уақытта шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, цехтардың қуаттылығын арттыруды көздеп отыр.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін аралады.

көрме
Фото: Ақорда

Көрмеге өндіріс және теміржол саласына арналған жабдықтар, сондай-ақ медициналық қондырғылар мен дәрі-дәрмектер, арнайы киімдер, тұрмыстық химия, сантехника бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың өнімдері қойылған.

Осыған дейін Президенттің №1 Хромтау орта мектебін аралап көргені туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар