Президент ақын қыздан өлең оқып беруді сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен кезесуде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев маxаббат туралы өлеңді оқып беруді сұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сөздің кезегі ақын Мақпал Тәжмағамбетоваға келгенде Мемлекет басшысы «100 жаңа есім» жобасы аясындағы кездесуден кейін оны арнайы шақырғанын жеткізді.
«Анадағы кездесуден кейін әдейі шақырдым. Сол маxаббат туралы өлеңіңді осы жерде отырған қыздарға тағы бір рет оқып берші», - деп сұрады Н.Назарбаев.
М.Тәжмағанбетова өз тілегін білдіргеннен кейін Президенттің қалаған өлеңін оқып берді. Н.Назарбаев оның үш кітабын алдыртқанын да айтты.
«Өлең жазған үш кітабыңды тауып алдым», - деді Мемлекет басшысы ақын қызға қарата айтқан сөзінде.
Мақпалдың алғашқы өлеңдері - «Толғауы тоқсан туған тіл» және «Поэзия, менімен егіз бе едің?» облыстық газеттерде жарияланды. Бертін келе,»Алақандағы бақыт» жинағын шығарды. Соның өлеңдері «Өмір өрнектері» мен «Жас толқын» ұлттық топтамаларға енді.
Сондай-ақ, бүгінгі кездесуге әнші Клара Төленбаева да қатысты. Ол Президентке баянмен танымал «Жібек сезім» әнін орындап берді.
Айта кетейік, кездесу кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша аналар мен қыз-келіншектерді 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. "Ананың құдіреті шексіз. "Оның алдында бүкіл дүние бас иеді" деп тегін айтылмаса керек. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқталып, бітімге келетін болғанын білеміз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан біз әйел затын әсіресе қадірлейтін xалықпыз. Қазақ ұлты қыз баланы әруақытта алақанына салып, аялап отыратын. Бұл салтымыз отбасы үшін бұзылмас заңдылыққа айналып келеді. "Ана" деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды", - дейді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларға көмек беру мәселесін қозғады. Сондай-ақ, екі анаға анаға "Алтын алқа" мен "Күміс алқаны" салтанатты түрде тапсырды. Президент отбасының ынтымағын сақтаудың құпиясымен де бөлісті.