Президент Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Ұлттық күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Ұлттық күнімен құттықтады.
Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Александр Ван дер Беленнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Аустрия халқына бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер мен Аустрия ішкі істер федералдық министрі Герхард Карнермен кездесу өткізген еді.