10:48, 31 Мамыр 2023 | GMT +5
Президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Telegram каналына сілтеме жасап.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді, бірқатар кездесу өткізеді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.