Президент Алматыдағы өртте көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Алматыдағы өртте көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Атап айтқанда, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады:

1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;

2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;

3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;

4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;

5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;

6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.

Еске салайық, Алматыда 16 қабатты үйде өрт тұтанған болатын. Қызыл жалын оқшауланып, сөндірілді. Оған дейін тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.

Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.