Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Президент Алмазбек Атамбаев емін жалғастыру үшін Мәскеуге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандардың ұсынысы және ресей тарапының шақыртуымен Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев бүгін, 23 қыркүйекте Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасына келді.

Президент Алмазбек Атамбаев емін жалғастыру үшін Мәскеуге келді

Президент бұдан бұрын осы жерде тексеріліп, жүрегін емдеткен болатын. Енді емін одан әрі жалғастырмақ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылғы 19 қыркүйекте Мемлекет басшысы Ыстамбұлда Ататүрік атындағы әуежайда өзін жайсыз сезінген болатын. Қырғыз делегациясы БҰҰ Бас  Ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке бара жатты.