Президент АӨСШК 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына барды
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Баку әуежайынан Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов күтіп алды.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын Алматыға шығарып салды.