Президент Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Ваагн Хачатурян мен Премьер-министр Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Мемлекет басшысы армян халқының ұлттық бірлігі мен жасампаз рухын, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы абырой-беделін паш ететін бұл айтулы күннің тарихи маңызы зор екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық ықпалдастық пен стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
— Қазақ-армян ынтымақтастығы ойдағыдай өрбіп, бірлескен күш-жігердің арқасында мән-мазмұны толығып келеді. Бұл елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай. Қазақстанның Армениямен сан қырлы байланысты күшейтуге ниетті екенін растаймын, — деп жазылған жеделхатта.
Президент Армения елі басшыларына мемлекеттік қызметте толайым табыс, ал достас армян халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін Президент Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады.