13:52, 17 Тамыз 2022 | GMT +5
Президент Армения халқына көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазды БОРТ №1 Телеграм-арнасы.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады.
Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.