22:44, 05 Шілде 2024 | GMT +5
Президент артық заңнамалық регламенттеуді болғызбауды көздейтін заңды мақұлдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы артық заңнамалық регламенттауді болғызбауды көздейтін заңды мақұлдады.

«Мемлекет басшысы „Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген Ақордаға жарияланған құжатта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.