Президент «Ару-Ана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM –  Президент Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында «Ару-Ана» үздік әйелдер жобасы байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

әйел
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұл жолы марапат түрлі салада әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге алты номинация бойынша табысталды.

«Ару-Ана» байқауының жеңімпаздары:

1. «Ауыл әйелдерін дамытуға арналған үздік жоба» номинациясы бойынша – Елшібаева Бақытгүл Қазезбайқызы;

2. «Ғылым саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Шакуликова Гүлзада Тәңірбергенқызы;

3. «Азаматтық сана-сезімді дамыту бағытындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Ахмеджанова Әлия Серікболқызы;

4. «Ұлттық мәдени мұраны насихаттау бағытындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Михалёва Анастасия Анатольевна;

5. «Агробизнес саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Арқашбаева Ботагөз Махамбетқалиқызы;

6. «Креативті индустрия саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша – Еділбекова Мәдина Еділбекқызы;

Салтанатты жиыннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелмен әлем әдемі» атты мерекелік концертті тамашалады.

Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар