Мемлекет басшысы жалған статистиканы түбімен жоюды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында саладағы жалған статистиканы түбірімен жоюды тапсырды.

тоқаев
Фото: Ақорда

«Менің тапсырмам бойынша ауыл шаруашылығындағы статистиканы бұрмалау, жалған құжат толтыру, көзбояушылық фактілерін түп-тамырымен жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде біз саланың нақты жағдайын бағамдай аламыз, экономикалық шығынға соқтыратын тиімсіз шешім қабылдамаймыз», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев субсидия бөлуді ашық ете түсу керектігін де еске салды.

«Үкімет субсидия берудің ашықтығын толық қамтамасыз етіп, саланы нарықтық әдіс-тәсілдер арқылы нығайтуды қолға алуы қажет. Бұл салада стратегиялық тұрғыдан сенімді әрі мұқият ойластырылған мемлекеттік реттеу тетіктеріне көшу маңызды», - деді Президент.