Президент «Аваза» кешеніне барды

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін «Аваза» кешеніне барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Казахстана прибыл в комплекс «Аваза»
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов күтіп алды.

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшылары бірге суретке түсті.

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшылары бірге суретке түсті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барғанын жазған едік.