Президент азаптаумен байланысты қылмыстарды Бас прокуратураға жүктеуді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаптаулармен байланысты қылмыстарды тергеп-тексеру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаптаулармен байланысты қылмыстарды тергеп-тексеруге жүйелі тәсілдеме керек. Қазіргі уақытта бұл бағытқа жауап беретін нақты бір орган жоқ. Бұл тәжірибе белгілі бір сын-қатер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл функцияларды Бас прокуратураға міндеттеуді ұсынамын. Бұл тәсіл тергеудегі ашықтық пен бейтараптықты қамтамасыз етеді, құқық қорғау саласындағы бассыздық үшін жазаның бар екенін көрсетеді», - деді Қ. Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Конституциялық сот құруды ұсынған еді. Онда Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін беруді ұсынды.


Соңғы жаңалықтар