Президент азық-түлік саласындағы жобаларды мемлекеттік қолдау аясын кеңейтуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы индустрияландыру қорытындысы туралы кеңесте индустрияландыру бағдарламасы түзетуді талап етеді, деп мәлімдей отырып, екінші кезекте азық-түлік саласындағы жобаларды қолдауды тапсырды.

Президент азық-түлік саласындағы жобаларды мемлекеттік қолдау аясын кеңейтуді тапсырды

«Екіншіден. Өзіміз көріп отырғандай, әлемдегі нарықтардың жағдайы күрт өзгеріп кетуі мүмкін. Болашақта қандай құбылыстар болатынын білмейміз. Бірақ, сұранысы тұрақты артып отырған нарықтар да бар. Бұл ең алдымен азық түлік нарығы. Сондықтан, азық-түлік саласындағы жобалардың мемлекеттік қолдаумен қамтылу аясын кеңейтуді тапсырамын, Бұл бағытта зор мүмкіндігіміз бар»,-деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті бірінші кезекте Үкіметке экспортқа икемделген жобаларға назар салуды тапсырды.