Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинді қызметінен босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: arasha.kz

Еске салайық, 47 жастағы А.Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылдың 18 шілдесінде тағайындалған болатын.

Биылғы 1 маусымда уәкілді Президент Қ.Тоқаев қабылдап, кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланған еді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы бірқатар міндет жүктеген болатын.


Соңғы жаңалықтар