Президент балалардың оқуды тастау проблемасын шешуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйе сапасын арттыру қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент балалардың оқуды тастау проблемасын шешуді тапсырды

«Тағы бір проблема шықты, қайғы десек те болады. Балалар оқуды тастап кетеді. Өйткені, одан қажеттілік көрмейді. Үкіметке бұл мәселені шешумен байыпты түрде айналысу тапсырылады. Атап айтқанда, қашықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйе сапасын арттыру қажет. Біздің біліміміз қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиіс», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, пандемия кезіндегі қашықтан оқыту қорытындысы ұлттық телекоммуникация желісі тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетіп берген.

«Бұл базалық қарапайым білімі жоқ оқушылардың үлкен легінің пайда болуына алып келді»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.