Президент барлық мемлекеттік органдарға дағдарыстық жағдай бола қалғанда әрекет ететін іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев барлық мемлекеттік органдарға дағдарыстық жағдай бола қалғанда   әрекет ететін іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Президент барлық мемлекеттік органдарға дағдарыстық жағдай бола қалғанда  әрекет ететін іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды

«Әрбір мемлекеттік орган, оның ішінде әкімдіктерді, ұлттық компанияларды қоса алғанда әртүрлі болып өрбуі мүмкін дағдарыстың сценарийлеріне төтеп беретін шараларды әзірлеулері керек. Ескертемін  - егер жағдай нашарлай бастаса, онда қандай да бір сыртқы факторларға қарай сілтеме қабыл алынбайтын болады», - деді Президент.

«Сондықтан да, барлық облыстың алдын ала Үкіметпен келісілген жоспарлары болуы шарт», - деді Елбасы.