Президент белгілі жазушы Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Президент белгілі жазушы Рафаэль Ниязбектің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

«Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Рафаэль Ниязбек ұзақ жылдар «Жазушы» баспасында жемісті жұмыс жасады. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға көп үлес қосты. Шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – делінген жеделхатта.