Президент бірқатар әскери қызметшіні марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүкілармиялық кеңесте Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент бірқатар әскери қызметшіні марапаттады

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы III дәрежелі «Айбын» орденін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға нұсқаушысы Қуаныш Бабақұловқа табыстады.

Ал «Ерлігі үшін» медалі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің взвод командирі Байсейіт Лисбаев Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Данияр Рахматалиевке берілді.

Мұнан бөлек, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қорғаныс министрлігінің 19033 әскери бөлімі минасыздандыру бөлімшесінің командирі Мейір Алдабергенев пен Мемлекеттік күзет қызметінің жедел уәкілі Дәурен Рамазан марапатталды.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындары педагогтерінің жалақысы өсетіні белгілі болған еді.


Бангкоктан жеткізілген 11 кг гашиш майы тәркіленді
Ұқсас жаңалықтар

ІІМ: Бангкоктан жеткізілген 11 кг гашиш майы тәркіленді