Президент: Біздің ішкі саясат стратегиямыз дұрыс бағытта
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қоғамы бірлігін нығайтуға түсуге назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Жаһандық этникалық ахуал біздің ішкі саясат стратегиясының дұрыстығын дәлелдеп тұрғанына сенімдімін. Біз ешқашан да еліміздің азаматтарын қандай да бір қатыныстарда бөлген емеспіз. Өткен жылдар бойы барша қоғам үшін біртұтас шоғырландырушы саясатқа басымдық беріп келдім. Яғни барлық этностарға қатысты болды. Бізде Конституцияны міндетті орындау үшін барлық заңды тетіктер бар", - деп атап өтті Президент.
Осы орайда Елбасы бүгінде Қазақстан қоғамы бірлігін нығайтуға түсуге назар аудару қажеттігін атап өтті.
"Бұл тұрғыда негізгі ресурс - әлеуметтік сала. Шын мәнінде бұл әрқайсымызға қатысты өмір саласы. 21 ғасыр әлеуметтік-экологиялық, техногендік жаһандық сын-қатерлер ешқайда жойылып кетпей жатқанын көрсетіп отыр. Бұл тұрғыда жұмыстарды жалғастырып, адамзаттың осы проблемаларын шешу керек. Әлемдік дағдарыс дамыған елдердің өзінде әлеуметтік мүмкіндіктерді азайтты", - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, сессия барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Бес әлеуметтік бастаманың маңызын түсіндірді.