Президент бизнеске бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуын қатаң бақылауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл міндетті Есеп комитеті мен Қаржы министрлігіне тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиімді шағын және орта бизнес - қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын, әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік –экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс беріп, жұмыссыздықты азайтады. Сондай-ақ, жаппай кәспікерлікті дамыту – санаға сіңген патроналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан, мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсетеді. Ұлттық қордан 100 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, қаржылай қолдаудың игілігін жергілікті билікпен байланысы бар шаруашылықтар ғана көріп отыр. Шын мәнінде жаңа жобалар бойынша компаниялар құрылып, жұмыс орындары ашылуы керек еді. Бірақ, жергілікті әкімдер ұйымдастыру жұмыстарын талапқа сай орындамаған. Соның салдарынан салық және зейнетақы төлемдерін арттырып, жергілікті бюджетті нығайтуға жағдай жасалып отырған жоқ», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында. Осыған орай, Президент Есеп комитетіне және Қаржы министрлігіне қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. «Бізде шағын кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан үш жылға босату туралы Үкіметке заңды негіз құруды тапсырамын», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар