Президент «Қазан Экспо» көрме орталығына барды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Президенті «Болашақтың ойындары» мультиспортты халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысу үшін «Қазан Экспо» көрме орталығына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін Президент «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Магановты қабылдады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазан қаласына жұмыс сапарымен барғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар