Президент «БРИКС+»/аутрич» форматындағы жиында сөз сөйлейді
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Қазан қаласында БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшылары XVI саммитінің пленарлық отырысы басталғалы жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев «БРИКС+»/аутрич» форматындағы жиында сөз сөйлейді. Президенттің баяндамасы 24.KZ телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Уақытын қосымша хабарлаймыз», — делінген жазбада.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті және өзге де БРИКС+ саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы БРИКС саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді.