Президент дәрігердің xатын оқып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дәрігер Назгүл Ырымбаеваның xатын оқып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент дәрігердің xатын оқып берді

«Мен - дәрігермін. 25 жылдан бері медицина саласында қызмет істеймін. 90-жылдардағы қиын сәттер әлі күнге дейін көз алдымда. Мұқтаж жандарға дер уақытында көмек көрсету біздің арманымыз еді. Біздің сол арманымызды Сіз орындадыңыз. 2011 жылдан бері санитарлық авиациямен 6 мың 700 рет сапарға шығып, 8,5 мың адамға жедел көмек көрсеттік. Соның арқасында өмірге қайта оралған жандардың Сізге айтқан алғыс-баталарын тебіренбей тыңдау мүмкін емес»,- деп жазды дәрігер.

Осы орайда Президент отандық медицинаның бұрынғы және қазіргі деңгейінің айырмашылығы жер мен көктей екенін жеткізді. Президенттің айтуынша, бүгінде жылжымалы емдеу кешендері шалғай жердегі азаматтарға көмек көрсетіп жүр. Соңғы бес жылдың ішінде 3 млн адамға медициналық көмек жасалды.

«Соларды тыңдап отырсаң, Қазақстанның ең түкпірдегі жерлерге барып, дәрігердің алдын көрмеген адамдарды да кездестірген. Оған арнаулы поездарды қосыңыз. Осының арқасында ең алыс ауылдардың тұрғындары астаналық деңгейде сапалы көмек алды. Елімізде сәбилердің дүниеге келуі 55 пайызға өсті. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті. Меніңше, ең негізгі жетістігіміз осы», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.