Президент Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі лауазымынан босатты

АСТАНА. KAZINFORM — Дәурен Жұматайұлы Қосанов лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Дәурен Қосанов 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Бұған дейін Президент Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеретін комиссия құрған еді.

24 қыркүйекте Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде  17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Қызметке салғырт қарады, корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталған болатын.