18:33, 10 Қаңтар 2025 | GMT +5
Президент дипломатиялық қызметке қатысты заңға қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM — Ақорда Президенттің дипломатиялық қызметке қатысты заңға қол қойғанын мәлімдеді.
- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазылған ресми ақпарат көзінде.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Келешек» жинақтау жүйесі туралы заңды мақұлдаған болатын.