09:01, 28 Мамыр 2025 | GMT +5
Президент Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тайе Ацке-Селассиеге Эфиопияның Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Қазақстан Президенті жеделхатында екі ел арасындағы қарым-қатынас зор әлеуетке ие екенін атап өтіп, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін күш-жігер жұмылдыруға әзірлігін растады, — делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Эфиопия халқына құт-береке тіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.