Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс жасады

Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс жасады. Оның айтуынша, Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде ЭЫҰ мен АӨСШК-нің экономика саласындағы ынтымақтастығын дамытуға қолдау көрсетуге әзір. Аталған құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдарды көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, қаржы, энергетика, туризм, цифрлық технологиялар және басқа да салалар бойынша дамытуға болады.

«Ортақ мүдделерді көздеген, бірлескен жобаларды нақты жүзеге асыруға негізделген жан-жақты ынтымақтастық қазіргі сын-қатерлерге төтеп беріп, ертеңгі күнге дайын болуға мүмкіндік жасайды деген ниеттеміз. Біз ұйымға үлкен үміт артамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға Экономикалық ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығының сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты.