Президент елде салынып жатқан жолдар туралы айтты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы Ертіс өңірінің экономикасын жетілдіруге дамыған көлік, логистика желісі ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Президент елде салынып жатқан жолдар туралы айтты

«Теміржол, автомобиль жолдарын не үшін салып жатырмыз? Себебі, транспорт - бұл өмір. Біз салған жолдарды шөберелеріміз пайдаланып, естеріне алатын болады. Біз немістер салған жолымен сүйсініп жүріп жүрміз, ал оны Конрад Аденауэр соғыстан кейін салған», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындысы бойынша өткен жиында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Франсиско Франко салдыртып, қазірге дейін қолданылып жатқан Испания автомагистальдарының сапасын мысалға келтірді.

«Инфрақұрылым барлығы үшін қажет, шекара маңындағы сауда үшін де (...). Ресейдің 3 облысымен көршілес жатырсыздар, бұл өңірді, Қазақстанды дамытуға көмектесуі тиіс», - деп атап өтті Елбасы.