Президент елдегі жағдайды назарынан тыс қалдырмайды - Иван Сауэр

АСТАНА. Президент кезекті жолы елдегі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын паш етті, деді «Родина» агрофирмасының директоры Иван Сауэр «Айқын» газетіне берген пікірінде.

Президент елдегі жағдайды назарынан тыс қалдырмайды - Иван Сауэр

«Әрине, Жер кодексіне енгізілген өзгерістердің қажеттілігі де болды, егер осыны Үкімет халыққа дер уақытында айтып, түсіндіргенде, әрбір жауапты шенеунік өзіне жүктелген міндеттерді лайықты орындағанда, Елбасының араласуына деген қажеттілік болмайтын еді. Бірақ әдеттегідей біреуі жұмысты жеріне жеткізе жасамады, екіншісінің оған құлқы болмады, ал енді біреулері бұл істі өз құзырларына жатпайды деп, бейжай қалды», дейді агрофирма басшысы.

Келесі жолы мұндай олқылықтар қайталанбауы тиіс деп санайды Иван Сауэр. «Атқамінерлер тарапынан түсіністік таппаған бұқара Қазақстан көшбасшысына үндеу айта бастады.  Президент халықтың дегеніне құлақ қойды. Сөйтіп, Елбасы өз билігін қолданып, бәрін орынды орнына қойып шықты. Яғни, Үкіметтен тапсырмаларды орындау ғана қалады.  Енді ондай олқылықтарға орын берілмеуі керек», деді ол.

Меланшон 2027 жылы Франциядағы президенттік сайлауға қатысатынын растады
Ұқсас жаңалықтар

Меланшон 2027 жылы Франциядағы президенттік сайлауға қатысатынын растады