Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Айта кетейік, осыған дейін Президент Елена Рыбакинаның  тарихи мәні зор осынау табысы отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

– Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда