13:23, 08 Қазан 2019 | GMT +5
Президент елордада қолма-қол ақшасыз төлем көлемін ұлғайтуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада қолма-қол ақшасыз төлем жасау көлемін ұлғайту қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елордада картамен қолма қол ақшасыз төлем жасау үлесінің ең төмен екендігі байқалады. Ол не бәрі 9 пайызды ғана құрайды. Салыстырмалы түрде айтсақ, Алматыда ол 69 пайыз. Бұл проблема қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырып қана қоймай көлеңкелі экономиканың да өсіміне алып келеді», - деді Мемлекет басшысы.
Осыған орай, Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бағытта нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.
«Қаржы министрлігіне қала әкімдігімен бірлесіп, қаланың сауда нүктелері мен қызмет көрсету салалаларында кассалық бақылау машиналары мен карта терминалдарының болуына қатаң бақылауды қолға алуды тапсырамын», - деді ҚР Президенті.