Президент елорданы жарықтандыруда энергия үнемдегіш технологияларды пайдалануды тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астананың дамуына арналған кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаев елорданы жарықтандыруда энергия үнемдегіш технологияларды пайдалануды тапсырды.
«Біз әлі күнге дейін қалада диодты шамдарды қойып жүрген жоқпыз. Оларды елімізде жасайды. Атап айтқанда, әкімшілік ғимараттарды диодты шамдарға көшіріп, электр энергиясын 30-40 пайызға үнемдеңіздер. Осы орайда халықты да осыған көшіру керек. Көшелердегі жарықтандыруды да осы үнемді шамдармен жабдықтау қажет»,- деді Елбасы.
Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Астана инновациялық қала болғандықтан, елордада барлық инновациялық соңғы буынды технологиялар пайдаланылуы тиіс екендігін қадап айтты.