Президент Ерлан Каринді Вице-президент етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ерлан Қарин
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Айта кетелік бүгін Құрылтай отырысында депутаттар Вице-президент лауазымына ұсынылған Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдаған еді