12:03, 05 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде баяндалды.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі және оның одан әрі даму перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына әзірлік барысы туралы ақпарат берілді.