Президент Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялады

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл туралы құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан-Франция
Коллаж: Canva

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазылған акқпарат көзінде.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін Франция Балқаштың экологиялық жағдайын зерттеуге грант бөлуі мүмкін екенін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар