Президент Ибрахим Раиси және онымен бірге келген делегация үшін дұға етеміз – Ильхам Әлиев

АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақтың Иранға шұғыл қонуына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ жазды.

Президент Ибрахим Раиси және онымен бірге келген делегация үшін дұға етеміз – Ильхам Әлиев
Фото: АЗЕРТАДЖ

«Бүгін Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисимен қоштасқаннан кейін жоғары мәртебелі делегация мінген тікұшақтың Иранға шұғыл қонғаны туралы хабар бізді қатты алаңдатты. Президент Ибрагим Раиси және онымен бірге келген делегация үшін дұға етеміз. Әзербайжан Республикасы көрші, дос және бауырлас ел ретінде кез келген қолдауды көрсетуге дайын», - деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, Иран президенті мінген тікұшақ Әзербайжанмен шекаралас Верзеган қаласына жақын жерге апатты жағдайда қонды. Кейінірек тікұшақ құлаған жерден видео пайда болды. Адамдар президент Раиси мен оның серіктерінің денсаулығы үшін дұға етіп жатыр.