Президент цифрлық активтер индустриясын дамыту туралы Жарлыққа қол қойды
АСТАНА.KAZINFORM - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Ақорда жариялады.
ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев логистика саласындағы цифрландыру жөнінде мәлімдеген болатын.