19:07, 29 Қараша 2025 | GMT +5
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Индонезия Президенті мен Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхаттарын жолдады
- Қасым-Жомарт Тоқаев аталған елдердің аумағында болған су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Индонезия Президенті Прабово Субиантоға және Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулға көңіл айтты, - делінген Ақорда жариялаған ақпраратта.
Айта кетейік, Таиландта су тасқынынан қаза тапқандар саны 145 адамға жетті. Ең көп зардап шеккен Сонгкхла провинциясында 110 адамның өлімі тіркелді.