15:17, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Президент инвесторларға елімізде аграрлық кешендер құруды ұсынды
А. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиырма екінші пленарлық отырысында инвесторларға елімізде аграрлық кешендер құруды ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аграралық-индустриялық әртараптандыру мәселесіне тоқталған Елбасы, «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге қолайлы ауқымды егістік жерге иелік етеді. Атап айтқанда, сіздердің компанияларда еңбек ететін жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету керек шығар? Неге сіздерге біздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен бірге өздеріңіз жұмыс істейтін аймақта кәсіпорындар үшін өнім өндіретін аграрлық кешендер құрмасқа», деді.
Елбасы мысал ретінде Қытай мемлекеті Қазақстанға соя мен рапс өсіру үшін 1 миллион гектар жерді пайдалануға беру ұсынысын жасағанын айтып өтті.