Президент Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталық ауруханасына 25 жыл толды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталық ауруханасына 25 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Іс Басқармасына қарасты Медициналық орталық ауруханасына 25 жыл толды

«Аурухана осы уақытта сан мыңдаған адамның өмірі мен денсаулығына арашашы болды. Тұтас еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қосты.

Бұл клиникада кемел білімді, жоғары білікті, өз ісіне жан-тәнімен берілген мамандар еңбек етеді. Ауруханамыз республикада, тіпті ТМД көлемінде баламасы жоқ озық медициналық құралдармен жабдықталған. Биыл жаңа нысандар ашылып, заманауи қондырғылар сатып алынды.

Сондай-ақ, дәрігерлеріміз әлемдік озық технологияларды қолданып қана қоймай, оны республиканың өзге өңірлеріне тарату ісіне де атсалысып жүргенін де ерекше атап өткім келеді.

Медицина мамандарының ерен еңбегінің ар жағында мыңдаған адамның тағдыры тұр. Ұзақ жылдар бойы осындай аса маңызды да мәртебелі міндетті барлық күш-жігерлеріңізді жұмсап, адал әрі сапалы атқарып жүргендеріңіз үшін Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Әрқашан еңбектеріңіз жемісті болып, халықтың алғысына бөлене беріңіздер! Мықты денсаулық, зор абырой, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін», - деп жазды Президент Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев телеграм каналында.


Фото: t.me/udp_dadebayev