Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын күтіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильда мінген ұшақ Астанаға келіп қонды. Бұл Бельгия монархтарының Орталық Азияға жасайтын алғашқы мемлекеттік сапары болмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын күтіп алды
Фото: Ақорда

Елорда әуежайында мәртебелі қонақтарды Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын күтіп алды
Фото: Ақорда

Сонымен бірге қарсы алу рәсіміне ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Премьер-Министр орынбасары Жаслан Мәдиев, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиева қатысты.

Корольдік жұп Астана әуежайына қазақстандық Air Astana бортымен келді.
Мемлекеттік сапар хаттамасына сәйкес, трап алдында Құрмет қарауылы сап түзеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын күтіп алды
Фото: Ақорда

Сондай-ақ әуежайда екі ел басшылары шағын құрамдағы келіссөздер өткізіп жатыр.

Айта кетейік, 11-14 қазан күндері Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын күтіп алды
Фото: Ақорда

Сапар бағдарламасы төрт негізгі бағытты қамтиды. Олар — аса маңызды пайдалы қазбалар, жасанды интеллект, денсаулық сақтау, сондай-ақ тарих пен мәдениет.

Бельгиядан Қазақстанға 110 адамнан тұратын делегация келеді. Оның құрамында төрт министр, 25 компания басшысы, 10 университет ректоры және 13 журналист бар. Делегация құрамының ауқымды болуы Бельгия тарапының алдағы сапарға жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді.

Еуропалық монархтар Астана мен Алматыдағы мәдениет және ғылым нысандарын аралап, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа арналған кездесулерге қатысады.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

Бұған дейін Kazinform мемлекеттік сапардың күн тәртібінде қандай маңызды шаралар жоспарланғанын жазған еді.