11:52, 19 Сәуір 2023 | GMT +5
Президент кәсіпкерлерге арналған «Экономикалық лифт» ұғымын енгізуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде кәсіпкерлерге арнап Әлеуметтік лифт» тетігінің үлгісіндегі «Экономикалық лифт» ұғымын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік лифт» деген ұғымның неке екені баршаға аян. Бұл – кез-келген бастамашыл және еңбекқор адам мансап сатысында және қоғамдық иерархияда сенімді түрде алға жылжи алатын жүйе. Сол сияқты, біз кәсіпкерлерге тиімді жұмыс істейтін «Экономикалық лифт» орнатуымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Президент өңірлерде табысты еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерге жол ашуды тапсырды.
«Сондықтан, жүйелік шаралардан басқа, аймақтық ауқымдағы ең табысты және адал кәсіпкерлерді ілгерілету маңызды. Олар жаңа, әділ экономиканы дамытудың локомотивіне айналуы керек», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.