Президент қатысатын ТМД басшылары Кеңесінің отырысы тікелей көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл туралы ҚазАқпарат Президентінің Телерадиокешеніне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент қатысатын ТМД басшылары Кеңесінің отырысы тікелей көрсетіледі

Шара бейнебайланыс режимінде өтеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де YouTube-арнасында шараның тікелей трансляциясын ұйымдастырады.