Президент Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік туралы заңға қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік туралы заңға қол қойғанын мәлімдеді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ақпаратта.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоны Астанаға шақырды.