Президент: Қазақстанның бірлігін шайқатуға ешкімге де жол бермеуіміз қажет

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Барша қазақстандықтың бірлігі - бұл бірегей құндылық. Бұл туралы бүгін Астанадағы  Назарбаев Университетіндегі интерактивтік дәрісі барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Президент: Қазақстанның бірлігін шайқатуға ешкімге де жол бермеуіміз қажет

«Біріншіден, 140 ұлыстан құралған барша қазақстандықтың бірлігі - бұл бірегей құндылық. Біздің мақсат - оны қастерлеу, қорғау және арттыра түсу. Біз өзінің ресурсымен әлемдік мұхитта табысты жүзіп келе жатқан қайығымызды шайқатуға  ешкімге де жол бермеуіміз қажет», - деді Мемлекет басшысы.

«Қазақстан атты қазақ жерінде өмір сүріп жатырмыз. Тарихи жолмен  біз көп ұлысты мемлекетке айналдық. Біздің толағай табыстарымыз ортақ, барлығымыз да бірге жұмыс істедік. Сондықтан түсіну керек, барлық мәселе дұрыс  әрі орнымен келе жатыр», - деді Президент.

«Менің әр уақытта айтатыным: ішіміздегі бірлікті, әсіресе қазақ халқының бірлігін сақтап, содан кейін барша халықпен бірлігімізді сақтасақ, көршілерімізбен және ел ішінде де дұрыс боламыз, сондай-ақ болашағымыз ашық әрі жолымыз ақ болады», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.